02 Шілде, 2015

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  № 488

313 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
2015 жыл 24 сәуір, Астана қаласы Мiндеттi теле-радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. ИСЕКЕШЕВ. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығымен бекітілген Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының барлық аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылатын міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртібін айқындайды. 2. Көпарналы хабар таратуда міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің (бұдан әрі – үміткер) өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады. 2. Конкурсты өткізу тәртібі 3. Конкурсты өткізуді ұйымдастырушы Комиссияның жұмыс органы болып табылатын уәкілетті орган әрекет етеді. 4. Заңының 7-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес, уәкілетті орган Комиссия ұсынымы бойынша міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) бекітеді. 5. Тізбені қалыптастыру үш жылда бір рет жүзеге асырылады. 6. Конкурсты өткізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды. 7. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама ол өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады. 8. Ақпараттық хабарлама мынадай мәліметтерді қамттиды: 1) конкурсты өткізу уақыты, күні және орны; 2) Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау орны, өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі мен конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізбесі; 9. Конкурсқа қатысуға өтінімді уақытылы өтінім берген үміткерлерге жол беріледі; 10.Үміткер берген өтінім конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада жарияланған және осы Қағидаларда белгіленген шарттармен оның конкурсқа қатысуға ниетін білдіреді; 11. Конкурсқа қатысуға үміткерлер осы Қағидалардың кез келген тармағы бойынша ұйымдастырушыға қажетті түсініктеме үшін жүгінеді. 12. Тіркелген өтінім кері қайтарылып алынған жағдайда, үміткер ұйымдастырушыға жазбаша түрде хабарлама жібереді. 13. Конкурсқа қатысуға өтінім беруді үміткердің атынан қатысуға құқық беруді куәландыратын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіна сәйкес ресімделген сенімхатты көрсету арқылы үміткердің өкілі жүзеге асырады. 14. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін құжаттарға қосымша бірге келіп түскен және конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданбайды. Себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы белгіні құжат қабылдауды жүзеге асырған тұлға ұсынылған өтінімге қояды. 15. Ұйымдастырушы үміткерлердің ұсынған өтінімдері мен оларға қоса тіркелген құжаттардың, сондай-ақ өтінім берген тұлғалар мен олар ұсынған құжаттардың мазмұны туралы құпиялылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды. 16. Үміткер конкурсқа қатысу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша өтінім береді. 17. Өтінімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес конкурстық ұсыфныстар қоса беріледі. 18. Осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген құжаттар тігілген, беттері нөмірленген және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін, егер болса) куәландырылған түрде мөр басылған конвертте ұйымдастырушының мекенжайына ұсынылады. 19. Комиссия Конкурсты өткізу туралы ақпараттық бағдарламада көрсетілген мерзімде және орында, үміткерлер немесе олардың өкілдерінің қатысуымен өтінімдер мен басқа құжаттар салынған конверттерді ашады. 20. Ұйымдастырушы конверттерді ашу хаттамасын бес жұмыс күні ішінде жасайды. Конверттерді ашу хаттамасына Комиссияның төрағасы, қатысып отырған мүшелері және хатшысы қол қояды. 21. Комиссия ұсынылған өтінімдер мен басқа да құжаттарды қарап, конверт ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурс қорытындысын шығарады. 22. Үміткердің және /немесе/ оның уәкілетті өкілінің Комиссия отырыстарына қатыспауы себебінен конкурстық өтінімді қайтаруға жол берілмейді. 23. Конкурс бойынша шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс бергенде қабылданатын болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып есептеледі. Комиссия шешім қабылдайтын кезде Хатшының дауыс беруге құқығы жоқ. 24. Жеңімпаздарды анықтауда бағдарламалардың әлеуметтік маңызы, хабар тарату торында мәдени, ғылыми-білім беру, танымдық-ағарту, жастар мен балаларға арналған теле-, радиобағдарламалардың болуы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы саласындағы мемлекеттік саясатты жариялау іріктеу критерийлері болып табылады. Сондай-ақ тақырыптық бағыттағы және жанрлық арақатынасы, жеке теле-, радиобағдарламалар, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар мен ретрансляция көлемі, мемлекеттік тілде хабар тарату көлемі, орта тәуліктік хабар тарату уақыты, кадрлық әлеуеті іріктеу критерийлері болып табылады. 25. Конкурс қорытындысы Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді. Конкурс қорытындылары туралы ақпараттық хабарлама екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасына Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінім Жалпы мәліметтер: 1. Заңды тұлғаның толық атауы /жеке тұлғаның Т.А.Ә.А.. _____________________________________________________________ 2. Заңды мекенжайы: _____________________________________________________________ 3. Телефондардың, факстердің нөмірлері: _____________________________________________________________ 4. Теле-, радиоарнаның атауы: _____________________________________________________________ 5. Тақырыптық бағыты: _____________________________________________________________ 6. Таратылу аумағы: _____________________________________________________________ бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы М.О. 20__ ж. «__» ____________ Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымша Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мына бөлімдерден тұруы тиіс: Шығармашылық ұсыныстар Үміткер мыналарды ұсынады: 1) теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға); 2) мынадай мәліметтерді қамтитын ақпаратты: теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасы (ақпараттық, талдамалық, публицистикалық, жастарға және балаларға арналған, музыкалық теле-, радио бағдарламалар және көркем, деректі фильмдер); хабар таратудың тілдік арақатынасы, мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың көрсетілу уақыты; өз теле-, радиобағдарламалары, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар мен ретрансляцияларының арақатынасы; орта тәуліктік хабар тарату уақыты; сандық мәнде шығармашылық және техникалық қызметкерлердің қадрлық әлеуеті. Техникалық ұсыныстар Үміткер мыналарды ұсынады: 1) теле-, радиобағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдықтарының болуы, жағдайы және оның типі туралы ақпарат; 2) аппараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамалары; 3) эфирге шығарылатын теле-, радиобағдарламалардың дыбыс және көрсету сапасын жоғары деңгейде беру жөніндегі міндеттеме; 4) студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны телерадио хабарларын тарату операторларына дейін беру тәсілі туралы ақпарат. Қаржылық ұсыныстар Төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар: 1) анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам банк немесе банк филиалы алдында төлем мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы қол қойылған және мөр басылған банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасы; 2) бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылына арналған бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) техникалық қызмет көрсетуге, штатты ұстауға және басқа да капиталдық салымдардың жалпы шығындары туралы мәлімет. Үміткер өзінің пікірінше конкурстың мәні бойынша, Комиссияның конкурстық ұсыныстарды барынша объективті бағалауына мүмкіндік беретін кез келген мәліметтерді қамтитын қосымша құжаттарды ұсынуға құқылы. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 04 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11271 болып енгізілді.